Текст
Жаңа жыл мерекесі жоспарға сай жоғары деңгейде өтті. Мерекелік бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрды. Мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушылар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Оқушылар өлең айтып, ән шырқап, би билеп, қысқа көріністер қойды. Әсіресе 5-7 сынып оқушыларының дайындаған қойылымдары ерекше көңілден шықты. Балалар Аяз Атаға тақпақ айтып, сыйлықтарын алды. Түрлі сайыстар, жұмбақ шешу, шапшаңдық пен тапқырлықты сынайтын ойындар ұйымдастырылды. Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің қолдауымен оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.