«Біз біргеміз» атты сынып жетекшілер семинарыөтті. Семинардың мақсаты сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге бағыт-бағдар беру. Психологиялық ахуалды қалыптастырып алу мақсатында "Біріміз бәріміз үшін" атты психологиялық тренинг ұсынылып, семинардың алғашқы бөлімі басталды. Бейнеролик көрсетіліп, "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ" сыныпта кездесетін мәселелердің шешу және алдын алу жұмыстарының тиімді жолдары талданды.Семинарға 1-11 сынып жетекшілері қатысты.І бөлім барысында сынып жетекшілер "2020-2021 оқу жылының I-ші жартыжылдығы бойынша cынып папкаларының мониторингі берілді..Келесі кезеңде топ бойынша тәлімгер, әлеуметтік педагог сөз сөйлеп, өз жұмыстары бойынша мәлімет берді. Жас сынып жетекшілерге тәжірибелі сынып жетекшілер ақыл-кеңестерін қоса айтып өтті. Семинар соңында мектепшілік «Ең үздік сынып жетекшісі», «Ең үздік кабинет» конкурсы хабарланды.