Текст
Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр. Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді. Бүгінгі күннің өзектісіне айналған латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша Қызылсуат жалпы орта білім беретін мектебімізде де осыған байланысты жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді.
9-сынып оқушылармен «Латын әліпбиіне көшу қаншалықты өзекті?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Латын әрпін қолдана отырып, жазба жұмыстарын да орындап берді. Жалпы айтқанда мектеп оқушыларының латын әрпіне деген көзқарастары оңтайлы.