«Қызылсуат орта мектебі» ақпан айының 2-12 аралығында өзін-өзі тану пәні бойынша «Өзін өзі тану- махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтіп, 2 ақпан күні мектепте онкүндік ашылуына Сара Алпысқызының осы пәнді ашқандығы жайлы, видеосынан үзінді фильмдер көрсетілді . Пән мұғалімдер онкүндік барлық оқушылардың белсене қатысуын қамтып, оқушыларды мейірімділікке, кешіпейілділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында жоспар бойынша ұйымдастырылды.
Мектебіміздің кітапханашысы Төлегенова Мухтарима Бекішқызы мен 8-сынып оқушылары бірлесіп С.А.Назарбаеваның суреттерінен көрме, буклеттер ұйымдастырып, видео слайдтарын жасады.
О-10сыныптар арасында «Алтын жүректі анамыз» мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды, (13 оқушы), 9-10 сыныптар арасында "Бақыт ұясы" атты тақырыбында бейне ролик сайыс (21 оқушы) түрде ұйымдастырылды, 0-6 сыныптар арасында «Ана, достық, бейбітшілік, мейірімділік» тақырыбында сурет сайысына 25 оқушы қатысты. "Махаббат үшін өмір сүру» тақырыбында газет көрмесі өткізіліп, пән мұғалімдер онлайн түрде сабақтар өткізіп қорытынды ретінде белсене қатысқан 30 оқушыларды мақтау қағаздармен марапаттап, бір -бірлеріне жылы лебіздерін білдіртіп он күндік іс -шараны аяқтады. Оқушылардың жұмыстары Инстаграммдағы мектеп парақшасына жарияланды.