25.02.2021 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ ұйымдастыруымен «Ақпараттық цифрлық инновациялық технологиялардың онлайн оқыту жүйесіндегі маңыздылығы мен тиімділігі» тақырыбында аудандық әдістемелік вебинар өтті.
Вебинарға қатысушылар үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тиімді диалог алаңында іс-тәжірибе алмасуы жүзеге асырылды. Вебинарға Целиноград ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Байболатова Майра Кауашовна, білім бөлімнің әдіскерлері Кабыкенова Айткуль Аманжоловна мен Сәрсенбеков Дулат Қайратұлының көмегімен өтті.
Вебинар Zoom платформасында өтті. Мұғалімдерге әдістемелік кеңес беріліп, қолдау көрсетілді. Вебинарда Тайтөбе мен Қосшы 2 мектептерінің де ұстаздары өз тәжіриелерімен бөлісті. Білім бөлімінің әдіскері Сәрсенбеков Дулат Қайратұлы жоғары бағалады Вебинар кері байланыс арқылы өз мәресіне жетті.