Текст
Мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында балалардың өміріне қауіпсіз жағдайлар жайлы, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды қамтамасыз ету мақсатында "Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Білім алушыларға 1-11 сынып жетекшілері демалыс кезінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау; жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармау туралы ескерту жасап, сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескерте отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.