Текст
31 - мамыр Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарих мұғалімі Кыдыралина Нургуль Нургалиевна 11 сынып оқушыларымен астанамыздың қасиетті орны Қараөткел мұсылман зиратына барып келді. Жыл сайын осы күні еліміздің қоғам қайраткерлері, тарихшылар және де дін өкілдері бұл жерге келіп құран бағыштайды. Жас ұрпақ санасында есте қалатындай бүгін осы жерде Мемлекет қайраткері, заңгер, "Қаһармандар" қоғамдық қорының президенті Қасымов Сабыр Ахметжанұлы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Дихан Қамзабекұлы, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, тарихшылармен кездесіп, еліміздің тарихында қуғын-сүргінді жан-жақты талдау еліміздің азаттығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескен азаматтардың тағдырын барынша жүйелі түрде зерттеліп жатқандығы айтылды. Зиялы қауым өкілдерімен кездескен жас түлектеріміз рухани жан азығын молынан алды.