2021жылдың 9-қазанында мектептің оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқытудың тиімді резервтері" мектепішілік семинар -тренинг өткізілді.Мақсаты мен міндеттері: кәсіби қызметтінің ресурстарын, өсу бағыттарын анықтау, мұғалімдердің арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. Семинарды мектеп директоры Н.К.Жағабаев бастап, мұғалімнің құзыреттілігі мен орны туралы айтты.Бірінші бөлімінде оқу ісінің орынбасары Сакенова А.К "Ғылыми жобалар: жасалу жолдары мен рәсімдеуі" тақырыбымен таныстырды, бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Кумарбекова М.А мен информатика мұғалімі Алиева Ж.Ж оқушыларының ғылыми жобаларымен таныстырып, тәжірбиелерімен бөлісті. Семинардың екінші бөлімінде оқу ісінің орынбасарлары Сакенова А.К, Тургумбаева Г.Р тренинг өткізіп, геймификация негіздерінде әдістемелік ойындар ойнатылды. Мұғалімдер "Ынтымақтастық" терминінің мағынасын талқылап, ойларымен бөлісті, ресурстарды пайдаланып материалдық құндылықтар жасады.