Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ата - аналарға 12 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында COVID-19 індетін алдын алу бойынша зум платформасы арқылы ақпараттық - түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ақмола облысы Қосшы қаласының санитарлық - эпидемиологиялық қызметінің маманы - Касимова Разия Сандибековна “Комирнати Pfizer” тақырыбында ата - аналарға баяндама оқыды.