30.11.2021
Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі
«Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Оқу үрдісін ұйымдастыру барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, заманауи білім алуға ұмтылдыру мақсатында «Заманауи білім беру технологиялары - оқу үрдісін ұйымдастырудың жоғары сапасының кепілі» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті. Ашық сабақтар кезендерінде бағалаудың әрбір түрлері және АКТ түрлері қолданды, оның ішінде Bilimland, Jamboard платформалары мен электронды оқыту бағдарламалары (Scratch, Learning App) кең қолданды. Әдістемелік күнге эксперт ретінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Алшынбаева Толқын Толеновна және Целиноград ауданының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, ашық сабақтар жоғары деңгейде өтті деп бағалады.