"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының, Целиноград білім бөлім бойынша «Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру мақсатында «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында аудандық семинар – тренинг өтті. Тренингке Целиноград ауданының Қызылжар ЖОББМ, Тайтөбе ЖОББМ, Шұбар ЖОББМ, Қосшы №1, Қосшы №2, Қызылсуат ЖОББ мектебінің жас мамандары қатысты. Жоспар бойынша семинар - тренингті оқу ісінің орынбасары Тургумбаева Гульсум Райханкызы танысу жаттығумен бастап, топтық жұмыс жасалды. Топтық жұмысқа белсене қатысқан жас мамандар өз ойларын ортаға салды. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт –бағдар беру мақсатында , оқу ісінің орынбасары Сакенова Алия Какимтаевна «Дарынды оқушылар – дарынды ел» тақырыбында баяндама оқып, дарынды балаларды қалай анықтауға болатынын және олармен жасалатын жұмыс түрлері туралы айтып өтті. Қатысқан жас мамандар берілген әр түрлі тапсырмаларға белсене қатысып, дарынды оқушылармен жаңаша жұмыс түрлері бойынша ізденіс жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Семинар – тренингке аудандық білім бөлімінің әдіскері Алшынбаева Толқын Төленқызы қатысып, жас мамандарға өз тілегін айтып, сертифиткаттармен марапаттады.

13.12.2021

Просмотров: 2153


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст