“Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы" Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 14.01.2022 жылғы № 3 қаулысына сәйкес
- меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысына рұқсат етілді;
- облыстық және аудандық орталықтардың 600-ге жуық оқушысы штаттық оқыту форматында жұмыс істейді;
- ауылдық мектептерде – оқытудың штаттық форматы;
- 600-ден астам оқушысы бар облыстық және аудан орталықтарындағы мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейінгі сыныптар штаттық режимде оқу жалғасады, 6-дан 11-ге дейінгі сыныптар қашықтық форматта (қажет болған жағдайда оқушылар компьютерлік техникамен және білім беру ұйымының роутерлерімен қамтамасыз етіледі) бұл ретте мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі.
Сондай-ақ, арнайы, мамандандырылған, мектепке дейінгі, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы "Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы" Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 14.01.2022 жылғы №3 қаулысына сәйкес штаттық режимде жалғастырылатынын хабарлаймыз.