Қызылсуат ауылының ЖОББМ 5 “А” сынып оқушысы Қыдыралин Ернұрдың ата - анасы бокс үйірмесінің тренері Ардақ Куванышбайұлына алғыс білдірді! “-Мектебімізде бокс үйірмесі ашылғалы, балалардың осы спорт түріне деген қызығушылы артқаның байқадым. Мектептің жасөспірімдері үнемі бокстан өтетін жарыстарға қатысып, жүлделі орындармен келетін. Мен де соны ескере отырып, 5 сыныпта оқитың ұлымды бокс үйірмесіне жібердім. Спортқа онша қызығушылығы жоқ балам, бірден ашыла бастады. Тренер ағайымыз Ардақ Куванышбайұлы, сізге мың алғыс 👏👏балам үйірмеге барғалы аз уақыт ішінде көп нәрсені үйренді. Бұл тек сіздің салиқалы, жүйелі, жауапкершілікке толы еңбегініздің арқасында. Әрі тренер, әрі ұстаз болып жүрген ағаймыз, әрбір баланың мінез-құлық ерекшелігін ескере отырып, жұмыс жасайды. Баланың бойында қабілеті бар екенің бірден байқады. Ардақ Куванышбайұлы талай спорт шеберлерін тәрбиелейтініне сенімдіміз. Балаларға тек сәттілік, еліміздің көк байрағы әлемдік додаларда желбірей берсін!!!🇰🇿🇰🇿🇰🇿