Кел, Жаңа жыл ортаға!
Ұйымдастырушылар: Садуова Г.Е.
Уальдинова Н.А.
2018жыл
Мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама.
Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.
Екі жүргізуші ортаға шығады.
І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!
І жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық!
ІІ жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып, Тек жүреміз сән құрып. Көңілдердей қартаймай, Шырша тұрар мәңгілік!
(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!
ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры ... береміз.
ІІ жүргізуші: Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік, Баратын болашаққа білек түріп. Әдемі тілектерге қол соғамыз, Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
І жүргізуші: Өзінің құттықтауларымен ортаға әншілеріңіз (ұл, қыз) келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!
Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.
Осы кезде залға кейіпкерлер кіріп. бәрі айқайлап - шулап келеді де шыршаны бір айналып
1 – сайқымазақ
- О- о -о қараңдар қандай ағаш өсіп тұр. Жақсы болды, осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп - төсеп бәрі жата қалады. сосын біреуі басын көтеріп) Түу мыналар неғып жүрген балалар. Бізге кедергі жасап. Біз демалатын жер іздеп жүрміз. Көп күннен бері дұрыстап демалмадық. Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар . Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.
сайқымазақтар (ашуланып, атып тұрып)
- Сен кімсің өзі Қайдағы мереке? – Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке? Қайдағы мереке?
(деп балалардан сұрайды, олар жауап береді)
- Жаңа жыл дейді онда бізде қатысайықшы бізге болама біз сендермен бірге би билегіміз келеді қане барлығымыз билейікші (музыка қосылады)
О, ағайын! Мен билей алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата,
не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.
Осы кезде бір қыз жүгіріп келеді.
қыз: - Құтқарыңдар, құтқарыңдар. Мыстан кемпір Аяз - атаны сиқырлап тастады.
Жүргізуші: Балалар, біз Аяз - атаны құтқаруымыз керек. Егер Аяз - ата болмаса Жаңа жыл мерекесі өтпейді.
Енде не істейміз? Қалай құтқарамыз.
жүріңдер, Аяз - атаны мыстанның сиқырынан құтқарайық. Жаңа жыл мерекесі әйтпесе балалар бізге ренжиді.
Музыка әуенімен Аяз - атаны құтқаруға аңдар кеткенде, залға мыстан кемпір кіріп келеді.
Жүргізуші: Мыстан кемпір, балалардың көптен күткен Аяз - атасын жібер. Мерекемізді бұзба.
Мыстан: Менің бір шартым бар. Сол шартымды балалар орындап, жеңсе Аяз - атаны жіберемін.
Жүргізуші: Ол қандай шарт?
Мыстан: Менімен ойын ойнайсыңдар. Сол ойында мені жеңсеңдер тілектерің орындалады.
Жүргізуші: Балалар, қане, Аяз - атаны құтқару үшін, мыстанмен бірге ойын ойнап, жеңіске жетейік.
Ойын: «сыңырын тап »
Мыстан: Жарайсыңдар балалар! Сендер Аяз - атаны құтқардыңдар. Ендеше мен барып Аяз - атаны сиқырымнан босатайын.
Мыстан кемпір залдан қоштасып шығып кетеді.
Ақшақар келеді: Сәлеметсіңдер ме балалар! Аяз - атаны көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ, Аяз - атаны мыстан кемпір сиқырлап тастапты.
Ақшақар: Енді не істеймін, онсыз мереке қызықты өтпейді ғой. Сендерге сыйлықты енді кім береді?
Жүргізуші: Ақшақар сен уайымдама, Аяз - ата қазір біздің ортамызға келіп қалар. Мыстан кемпір оны босатуға уәде берген.
Балалар шыршаны айналып Аяз - атаны шақырады.
Музыка әуенімен Аяз – атаны мерекеге алып келеді.
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып, Жауғанын қапалақтап көріп қардың, Асыға ұшып келдім құрдай жорып, Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймыз би билемейміз деп , балаларымыз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртып би билетсеніздер
. Аяз ата: Біздің шыршамыз жарқырамады ғой. Енді не істейміз?
Аяз - ата: Ақшақар қызым - ау. Менің сиқырлы таяғымды алып берші.
(Таяғын шыршаға тигізіп) балалар шыршамызды жағайықшы «шырша жан, шамдарыңды жарқырат»
Аяз - ата: Шыршам, қане, жана ғой!-(дегенде шыршаның шамдары жарқырап жанады.)Келтірейін сәніңді. Бұзба енді мәніңді. Әнші балам, тоқтама, Шырқап жібер әніңді. Барлығы шыршаны айнала ән салынады.
ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.
ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға биші балаларымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!шағын орталық, Даярлық «а» даярлық «б» 1А, 1Ә,1Б сыныптар
Аяз ата: Тамаша, тамаша, Күн туылды жаңаша. Тамасанады барлығы, Өнеріне қараса. Тамаша, тамаша!!! Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын. Сыйлықтар беріледі.
І жүргізуші: Балалар бізде қазір қандай жыл?
Балалар: Ит жылы.
- Келе жатқан жыл қалай аталады?
- Доңыз жылы.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз өткен жылмен, келер жылды ортаға шақырайық.
Қараңдар қараңдар мына жерде кішкентай ғана уй тур бұл кімнің уйі болды екен қыздар қарауға кетеді.
Бұл біздің ескі жыл екен.ортаға жаңа жылымыз доңызды да шақырайық.
Музыка әуенімен ит мен доңыз залға билеп кіреді.
Ит: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендердің киімдерің қандай әдемі. Менің жылымда сендерде көп өзгерістер болды сендер жаңа мектепке кірдіңдер сенде көптеген жарыстарға қатысып олимпиадаларға жүлделі орындар алдыңдар енді келесі доңыз жылында да көптеген жетістіктерге жетеді деген сенімдемін.
Жүргізуші: Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі. Енді біз сізбен қоштасамыз, доңыз жылын қарсы аламыз. Бірақ, сіз біздің мерекеміздің қонағысыз.
Доңыз: Мен Жаңа жылмын ғой! Сендердің мерекелеріңе қатты асығып келдім. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Ит жылындағыдай менде сендерге жақсы жетістіктер акелемін.
Жүргізуші: ит жылы сен асықпа біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.Төрлетіңіздер.
Балалардың орындауында мерекелік тақпақ.
ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Шабытың шарықтай берсін!
Ақша қар: Қандай керемет жыр жолдары! Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой.
І жүргізуші: Бәрекелді,
ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Ескі жылдада өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Жаңа жылда жарылқап, жақсылық ала келді деп сенеміз.(Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде) Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! Жаңа жыл - жаң бағыт, Әкелсін далама құт. Өнерлілерің көп болсын, Елде уайым жоқ болсын. Тілектерің ақ болсын, Бастарыңа бақ қонсын. Келер жылы келермін, Өнер тағы көрермін. Сыйлық әкеп сендерге, Көптен-көптен берермін. Жақсылыққа толыңдар, Тек биікке қоныңдар. Келесі жылы көргенше, Амандықта болыңдар!
І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз. Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.
І жүргізуші: Құрметті достар!
ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар! І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!
ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!