"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова мәлімдемесі бойынша , биыл жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жұмыс істейді. Негізгі мақсат - пандемия салдарынан білім саласында туындаған олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру. Жазғы мектепке 1-8 және 10 сынып оқушылары қатысады. Ал 9 бен 11 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады. Оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады Бұл ретте жазғы мектепте оқушыларға баға қойылмайтынын, сонымен қатар үй тапсырмасы берілмейтінін атап кеткен жөн. Жазғы уақыттағы оқу мүмкіндігінше қызықты әрі мазмұнды өту үшін барлық жағдай жасалады. Кейбір балалардың репетиторлармен ақылы курстарға барып, қосымша білім алатынын білеміз. Осы орайда жазғы мектеп біліміңізді шыңдап, олқылықтың орнын толтыруға да тамаша мүмкіндік. Оның үстіне мұғалімдер өз оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын жақсы біледі», – дейді Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы.

03.05.2022

Просмотров: 2392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст