"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дебат қозғалысының семинары өтті

01.12.2022

Дебат теориясын дамыту қазіргі заман талабы. Бүгін, 24.11.2022 ж. Қызылсуат ауылының ЖОББМ-інде аудандық дебат қозғалысының семинары өтті. Семинар мақсаты: айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын оқушылардың жаңа буынын қалыптастыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік нәтижелерге қол жеткізу.
Семинар ашылуында алғы сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Кабыкенова А.А. қатысушыларға сәттілік тілеп, лебізін білдірді.
Семинардың күн тәртібі бойынша, аудандық дебат координаторы Зандыбай С. таныстырып өтті.
Семинар 2 кезеңнен яғни теориялық және мастер класс тәжірибе алмасудан өтті.
Теория барысында Айжан Қаламқызы «Төрешілер міндеті және төрешінің бағалау критериилері» туралы баяндама жасады.
Семинардың 2-ші кезеңінде оқушылар мен жетекшілер мастер класс көрсетті.
БП: Балаларға көрсетілетін зорлықтың алдын алу жолдары (механизм құру) қарарына Қоянды №1 Қоянды №2 Қабанбай мектебінің оқушылары
ойын көрсетсе, БП: «Ата-аналардың тұрақты жұмысбастылығы баланы отбасында тәрбиелеуде қиындықтарға алып келеді» қарарына Қуатхан Б., Харагиз А., Кабилдина Л., Қаламқызы А. жетекшілеріміз таласты да, тартымды пікірсайыс ұйымдастырды.
Іс-шара соңында Кабыкенова А.А. және Қызылсуат мектебінің директоры Жагабаев Нуртас Курмангалиевич қатысушыларды нәтижелі жұмыстары үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Просмотров: 357

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст