"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соц-педагогты4 жоспары

06.04.2023

 

Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары

2022-2023оқу жылы

 

472 – бұйрық негізінде

 

        Тақырыбы: Балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқтатылып, оған заман талабына сай көмек, қолдау көрсету, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік реабилитация мен  бейімделуіне, жұмысқа орналасуы мен тұрғын үй кезегімен қамтамасыз ету жұмыстарын талдап, жандандыру.

        Әлеуметтік педагогтың жұмысының мақсаты: оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші ғана емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Әлеуметтік педагог жылдық жұмыс жасай отырып, медбикемен, сынып жетекшілермен, педагог-психологпен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен, КТБІЖ қызметкерлерімен, «Қамқоршылық» кеңесінің жұмысымен жылдық жоспар жасайды.

 

Әлеуметтік педагогтың міндеттері:

  • балалардың құқықтарын қорғау үшін әртүрлі әлеуметтік қызмет өкілдерімен жұмыс жүргізу;
  • оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-  педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
  • тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын, отбасының, микроортасының психологиялық, медициналық, педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу;
  • оқушымен мекеменің, отбасының, әлеуметтік ортаның, мектептің арасындағы келістіруші міндетін атқарады;
  • аз қамтылған отбасы балаларының үйірмелермен қамтамасыз ету, олардың бос уақытын  тиімді пайдалануын қадағалау;
  • ерекше білімді  қажет ететін оқушылармен және үйде оқытылатын оқушылардың құқықтарын қорғайды және олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне жағдай жасайды;
  • тұл жетім, қамқорлықтағы және қорғаншылықтағы балалармен жұмыс жүргізеді
  • мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың есебін үнемі жүргізіп отыру;
  • мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, күн көріс деңгейі төмен отбасыдан шыққан балалармен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тұрмыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасы балаларының уақытылы әлеуметтік көмек алуын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін және жазғы лагерьлермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.

 

Іс – шаралар

Орындалу мерзімідері

Жауаптылар

Есеп беру нысандары

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу

1

Ұйымдастырушылық іс-шаралар.

 

  • Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспарын құру.

 

  • Нормативтік-құқықтық құжаттар базасын жинақтау.

тамыз

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

жоспар

2

  • «Мектепке жол» акциясы аясында мектепішілік құрылған мобильдік топпен бірлесе отырып, мектепке әлеуметтік жағдайларына байланысты келе алмайтын оқушыларды анықтау.
  • Әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан оқушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

тамыз

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

акция аясында

3

  • «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік қорғауды қажет ететін отбасынан шыққан балаларды «Міндетті білім қорынан» көрсетілетін қаржылай және материалдық көмекке ұсыну.

 

 

  • Демеушілер тарапынан көрсетілетін қайырымдылық іс шараларын ұйымдастыру.

тамыз

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

ДТІЖО Айдархан Қ.С

пед кеңес анықтама

4

-Мектептің әлеуметтік паспортын жасау мақсатында мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайына сынып жетекшілермен бірлесе отырып,  зерттеу жұмыстарын жүргізу, мектептің әлеуметтік паспортын жасау.

-Тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар

- Ерекше білімді қажет ететін, үйде оқытылатын оқушылар

- Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушылар

- Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар

- Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар

- Жартылай жетім отбасынан шыққан оқушылар

- Ажырасқан отбасынан шыққан оқушылар

- Ерекше назарды қажет ететін отбасынан шыққан оқушылар

- Мектепте оқитын мүгедектігі бар оқушылар

- Өгей ата-анамен тұратын оқушылар (өгей әкемен тұратын, өгей анамен тұратын)

-Жақын және алыс шет ел азаматтығы бар оқушылар

- Қандас отбасыдан шыққан оқушылар

 

 

тамыз

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

сынып жетекшілер

пед кеңес анықтама

5

Мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ыстық тамақпен қамту жұмыстарын ұйымдастыру.

 Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларын бір мезгіл  қоғамдық тамақпен қамту бойынша  жұмыстар жүргізу.

тамыз

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

ДТЖЖО Айдархан Қ.С

пед кеңес анықтама

6

Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында (қашықтан білім беру болған жағдайда интернет желілерімен, ноутбук, компьютермен) оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын қадағалау.

тамыз

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

сынып жетекші

кітапханашы

Толегенова М.Б

пед кеңес анықтама

7

Оқушылардың әлеуметтік санатын зерттеу қорытындысы бойынша  мектептің әлеуметтік паспорты :

Толық отбасылар

Толық емес отбасы

Анасы жоқ отбасылар

Әкесі жоқ отбасылар

Ата-анасының бірі бар ажырасқан отбасы

Көп балалы отбасы

Аз қамтамасыз етілген оқушылар отбасы  

Қорғаншылық (қамқоршылықтағы) балалар

Мүгедек балалар, мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушылар;

Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын білім алушылар

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар

Мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар

Өгей ата-анамен тұратын

Әр бала  өз отбасымен жақын туыстарының үйінде тәрбиеленетін

Тасымалданатын оқушылар

Жалдамалы пәтерде тұратын отбасылар

Ата-аналарының білім:

Жоғары, жоғары білімнен кейінгі

Техникалық және кәсіптік

Орта

қыркүйек

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

мектептің әлеуметтік  төлқұжатын әзірлеу

 

ІІ. Бала  құқығын қорғау жұмысы

8

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылармен және қорғаншылармен ҚББ байланыса отырып жұмыс жүргізу.

жыл бой

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

анықтама

9

Ата-ана және бала құқығы туралы ата-аналар жиналыстарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

тоқсан сайын

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

сынып жетекшілер психолог

Кусаинова С.С

анықтама

10

«Мектептегі бала құқығы» оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

қыркүйек, қазан

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

мәлімет білім бөліміне

11

«Отбасылық қарым қатынас» тақырыбында орта буын санаптарында эссе жазу.

желтоқсан

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

сынып жетекшілер

анықтама

12

«Бала құқығы- асыл қазына»  білім және ғылым саласындағы жаңалықтар.

 Мектеп бірітуші сыныптарға түсіндірме жұмыстарын жүгізу. 9-11 сыныптар

желтоқсан

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

ДТЖЖО Айдархан Қ.С психолог Кусаинова С.С

 сынып жетекші

анықтама

13

«Мен және менің дінге көзқарасым» 7-11  сыныптар сауалнама

ақпан

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

ДТЖЖО Айдархан Қ.С психолог Кусаинова С.С

анықтама

14

«Өмір құндылығы» 5-11 сыныптар тренинг

сәуір

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

ДТІЖО Айдархан Қ.С психолог Кусаинова С.С

анықтама

ІІІ. Әр түрлі есепте тұрған оқушылармен жеке профилактикалық жұмыс

15

Үйде оқытылатын оқушылардың үй жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу, ата-аналарына психологиялық педагогикалық әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын жүргізу.

жылына екі рет

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

және комиссия құрамы

Акт

қамқоршының есебі

16

Әлеуметтік педагогикалық қолдауды  қажет ететін (жаңадан анықталып, проблемалық жағдайға тап болған)  отбасынан шыққан оқушылармен кешенді жұмыстар жүргізу 

қыркүйек

ДТІЖО Айдархан Қ.С психолог Кусаинова С.С

сынып жетекші

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

анықтама

17

Мектепішілік есепте тұратын қиын және құқықбұзуға бейім оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылған жұмыстармен жұмыс.

 

Әлеуметтік- тұрмыстық  жағдайына зерделеу жүргізу.

жыл бойы

ДТІЖО Айдархан Қ.С психолог Кусаинова С.С

сынып жетекші

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

тізім

18

«Мен тұлғамын» 5-7 сыныптар дөңгелек үстел

наурыз

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

психолог Кусаинова С.С

 

анықтама

19

Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан оқушылардың  мектепішілік  және қала сыртындағы лагерьде демалуын қамтасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру

мамыр

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

оқушы құжаттарын жинау

 

ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.)  өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы

 

20

Жетім және қамқорлықтағы оқушылардың, үйде оқытылатын оқушылардың үйлеріне барып зерделеу жұмыстарын жүргізу

үнемі

әлеуметтік педагог Сығай А.Е

педагог психолог Кусаинова С.С

сынып жетекшілер

болған жағдайда

21

Сабақтан себепсіз қалып кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылған оқышылармен (бар болған жағдайда)  психологиялық педагогикалық, әлеуметтік жұмыс жүргізу.

үнемі

 

22

Ата- апасымен  тұратын оқушылардың отбасылық , әлеуметтік жағдайын бақылау

үнемі

 

 

V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс

 

23

Ата-аналар жиналыстарына қатысу;

Сынып жетекшілерінің  әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау.

І.ІІ.ІІІ.ІУ тоқсан

әлеуметтік педагог  Сығай А.Е

ДТІЖО Айдархан Қ.С

хаттама

24

Әлеуметтік көмекті қажет ететін, ерекше білімді қажет ететін оқушылардың білім алуын қадағалау.

үнемі

әлеуметтік педагог

 Сығай А.Е

кеңес беру анасымен сұхбаттасу

25

Аудандық әкімшілік, және қалалық жұмыспен қамту орталығымен байланыста болып, АӘК алушы отбасылардың тізімін тоқсан сайын алып отыру, оқушыларды анықтау,

І.ІІ.ІІІ.ІУ тоқсан

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

 

 

VI. Диагностикалау-талдау қызметі

26

Оқушылардың отбасындағы қарым қатынасты анықтау мақсатында «Отбасымдағы өз ойым, өз орным» сауалнамасын алып, диагностика жүргізу. 7-11 сыныптар аралығы.

мамыр

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

анықтама

27

Әлеуметтік педагог қызметінің жылдық жұмыс нәтижесінің қорытынды есебі

мамыр

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

SVOT талдау

28

Келесі жаңа оқу жылына жоспар құру

мамыр

әлеуметтік педагог

Сығай А.Е

Жоспар әзірлеу

 

 

 

 

 

Әлеуметтік педагог:              Сығай А.Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                                                                                              БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                               Қызылсуат ауылы ЖОББМ директоры

________________Жанзаков Н.М                                                                         ___________  Жагабаев Н.К

«_____» ___________ 2022 жыл                                                                          «_____» ___________ 2022 жыл

 

 

 

 

 

 

2022-2023 оқу жылына арналған әлеуметтік педагогтың

жұмыс жоспары

Просмотров: 3179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст