Қызыл суат ауылы №39 негізгі мектеп
Сыбайлас жемқорлықпен күрес картасы бойынша есеп
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша 2 ақпан 2018 жылы мектебімізде «Жемқорлықпен күрес картасы» бойынша дөңгелек ұстел өткізілді. Қатысқан 7-9 сынып оқушылары арасында бүгінгі күні жемқорлықпен күресу үшін облыста қандай шаралар жүргізіліп жатқаны, бұл мәселе бойынша балалардың пікірі тыңдалды. 8 сынып оқушысы Куанышев Темірлан Ақмола облысы бойынша жемқорлық іс –әрекеттер анықталған қызметтерді атап өтті: ішкі істер министрлігі, ветеринария, архитектура және құрылыс, жер беру қызметі және транспорт саласы айтылды. Елімізде жалпы жемқорлықпен 2017 жылы ұсталған статистикалық мәліметтер де келтірілді. 8 сынып оқушысы Ерсын Мерей арнайы тақырыптық суреттер салды. Мектепішілік 5-9 сынып оқушылары тәлімгер Нуржанова С.М. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубымен бірлесе отырып, «Жемқорлықсыз жол-таза жол» атты акция ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар белсене қатысып, патриоттық бағытта әндер орындалды.