Текст
Қызыл суат ауылы №39 негізгі мектеп
2 ақпан 2018 жылы
2 ақпан күні мектебімізе «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәнінен онкүндік ашылуы өтті. Жүректен шыққан шынайы мейірімділік орасан зор рухани қуатқа айналады және көзге нұрын төккен жарық дүние ретінде сезінеді. Жүрегімізге жақсылық нұрын ұялатып, айналамызға шуақ шашып, адамгершілік дәмін сезетін болсақ, өміріміз қуанышқа толы болады. Психолог Жакупова Индира Тогайбайқызы «Мен қалаймын, біздің мектебімізде...» атты тілектер бұрышы ұйымдастырылды. 5-9 сынып оқушылары Бақыт, Махаббат, Адамгершілік құндылықтар тақырыбына өлеңдер, әндер айтылды.