"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дәстүрлі «Қамқорлық» акция негізінде жүргізілген «Аяулы алақан» жәрмеңкесінің есебі.

13.02.2018

Қызыл суат ауылы

№39 негізгі мектеп

Дәстүрлі «Қамқорлық» акция негізінде жүргізілген «Аяулы алақан»

жәрмеңкесінің есебі.

6 ақпан 2018 жылы мектебімізде жыл сайынғы қамқорлық акция негізі

«Аяулы алақан» атты 5-9 сыныптар арасында жәрмеңке өткізілді.

Акцияның басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету

және қолдау көрсету болып табылады Жәрмеңке мақсаты оқушылар бойында

қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін бойына дарыту. Көмек қажет

ететін оқушыларға қол ұшын созу. Жәрмеңкеге ата-аналардың қолдауымен

оқуға қажетті құралдар(дәптер, қалам, түрлі-түсті қарандаш, пластилин),

киім-кишек(қысқы аяқ киім, шұлық, колготки, джинсы, іш киім, қолғаптар,

спорт костюм, жиделер,лосины, трико, аяқ киім), тұрмысқа қажетті құрал-

жабдықтар (сабын, шампунь, тіс пастасы, порошок, орамалдар, губкалар,

қағаз сүлгі, дәретхана қағазы), азық-түлік (сұйық май, макарондар, жарма,

күріш,қарақұмық, шай, картоп) қойылды. Үлгі болатындай ұстаздарымыз

бұл акцияда белсенділік танытып, қатысты. Жалпы акция барысында 50мың

көлеміңде 9 отбасыға көмек көрсетілді. Қамтылған 33 баланың жасы 0-18

дейін. Ата-аналар комитет мүшелері Шулембекова Г.Ж. және Ибраева Ж.

белсенділік танытып, жанұяларға дайындаған заттарды таратты.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст