Іс-шара 3 қазан Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне–Жер планетасы фаунасының мекендеу ортасын сақтау проблемасына адамзаттың назарын аудартуға арналған халықаралық мерекеге байланысты ұйымдастырылған. (1979 жылғы 6 қазанда қоршаған ортаны қорғаушылар ұйымдастырған).
Бұл шараға 190 оқушы, 20-дан астам ұстаздар қауымы мен 30-ға жуық белсенді ата-аналар қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары ата-аналар комитетінің мүшесі, ардагер ұстаз Мұқажанова Маржан Базылханқызы, кандидат в мастера спорта по боку СССР Шалқаров Талғат және ММ «Жасыл аймақ» орманшысы Кумарбеков Б.Ә. қатысты. Келген қрнақтарымыз бүгінгі елімізде басталған керемет бастаманы қолдап, бүгінгі күнде экологиялық мәселелердің өзектілігін атап өтті. Барлық сыныптарда тақырыптық сынып сағаттар өткізіліп, акция барысында 40 көшет отырғызылды. «Табиғат әлемі балалар көзімен» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары сурет көрмесін ұйымдастырды. 5-11 сынып оқушылары экологиялық плакаттарын жасады. Оқушылар бар ынталарын салып, еңбекқорлығын көрсете отырып, жұмысты атқарды. Технология пәнінің мұғаілім Садвокасов Қ.К. жоғары сынып оқушыларымен сыныптық табличкалар орнатты. Мектепке ағаштарды сумен қамтамасыз етуге Шарипов М. көмегін көрсетті.
ТІО Кыдыралина Н.Н.