Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы
№ 16 бұйрығы негізінде
2024-2025 оқу жылына мектепке келесі құжаттар арқылы қабылданады:
1.www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы;
2. көрсетілетін қызметті беруші арқылы.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - бір жұмыс күні. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына оқудың күндізгі және кешкі нысанына қабылдау үшін – күнтізбелік жылдың 31 тамыздан кешіктірмей. 1 сынып үшін күнтізбелік жылдың1 сәуірінен31 тамызына дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі.
- порталға:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан.
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
- көрсетілетін қызметті берушіге:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан;
4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі, мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда № 065/у и 026/у-3 нысандағы медициналық анықтамаларды көрсетілетін қызметті алушылар осы аумақта шектеу іс-шараларын алып тастауға, төтенше жағдайдың қолданысын тоқтатуға қарай тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.
Мектеп ғимаратының 1-қабатында www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы баланы тіркеу үшін ата-аналарға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылады. Мектепте кеңесші қызметкерлер болады.