Тексерілді
Бекітемін:
тәрбие ісінің орынбасары: мектеп
директоры:
Суюндикова Ш.Е.
Сакенова А.К.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған
мерекелік іс –шара
Тақырыбы: « Ана – өмірдің гүлі »
Жауапты ұстаздар: Жылмаганбетова С.Ш.
Мендыбаева А.Е.
Музыка жетекшісі: Құмарбеков М.А.
2017 - 2018 оқу
жыл
Тақырыбы: « Ана өмірдің гүлі »
Мерекелік кештің мақсаты:
1.
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту;
2.
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі
бола білуге үйрету;
3.
Оқушы бойында ізігілік, инабаттылық , биязылық сияқты қазақ қызына тән
жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған
қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа.
Кештің барысы: Қонақтарды шақыру, оларды қарсы алу, тілек
білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Асылбек
Еңсеповтың
«Детство» күйі қосылып тұрады.
Сахнаның
сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады
Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот
басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам
саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым
ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше
көрсін кесірімді
Аспанға жазсам
сенің есіміңді!!!
Ана, Сен
бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген
бесігімді
1-жүргізуші:
Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар,
гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен
бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен
бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар
қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз
мейраммен, Құрметті, жан аналар!
2-жүргізуші:
Добрый день, дорогие дамы!
Мы начинаем наш праздничный концерт и хотим поздравить всех
с праздником весны, красоты и любви!
8 Марта - день торжественный,
День радости и красоты,
На всей земле он дарит женщинам,
Свои улыбки и цветы!!
1
жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен
мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге
сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған
тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре
беріңіздер.
Ана
десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана
деген тіршілікке пана боп,
Әрбір
үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік
құттықтау сөзді мектеп директоры
Сакенова
Алия Какимтаевнаға береміз.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға әнші
шәкірттеріңіздің орындауындағы
«___________» атты әнін қол соғып қошеметтеп
қарсы алыңыздар.
2 жүргізуші:
Восьмого Марта - отмечает наша
планета - женский день. Мы привыкли к нему, как к доброму и веселому празднику.
Мы любим его за приятные хлопоты, за улыбки наших мам, а значит всех женщин. В
этот день принято дарить женщинам цветы. Примите от нас в праздник необычный
весенний букет, который состоит из песен, танцев и слов поздравления!
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз, - дей отырып
ұлдарыңыздың жүрекжарды тілектерін ұсынамыз.
Монтаж ( оқушыларлың тақпақтары )
2 жүргізуші:
Не отмели еще метели,
Не отшумели до конца,
А наши души потеплели
И посчастливели сердца.
Пускай зима полна азарта,
Весна пришла сегодня к нам!
Сегодня день 8 Марта
И мы желаем счастья вам!
1 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп,бойды
алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай __сынып орындауындағы _________ әнін
қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші: Да сегодня действительно радостный день - праздник женщин, праздник мам.
Сегодня солнце светит ласковей и ярче, все женщины такие красивые и нарядные.
1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат,
бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі,
қимылсыз билеп,
Иықтан шашып,
төгіліп жерге,
Күмісті
шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың
бұралған бишілерге береміз._______________
2 – жүргізуші:
«Әйелдер
адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген
екен орыс жазушысы Пирагов.
1 - жүргізуші:
Орыс жазушысы
Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын
да, батыр да болмайды»,- деген.
2-жүргізуші:
Мұхаммед пайғамбар
айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді
ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық,
бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
1 - жүргізуші:
Талай
ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген
ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен
тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де
есімізде. Сол себепті бүгін біз
сіздерді ойнатамыз.
Ойын: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3
ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады.
Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады.
Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.
2 - жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы, Мерекеге өнерімен келген бүгін. Таң
қалдырып, қанекей би билеші, Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп
кезекті ____ сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.
1 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін,
қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда
қазіргі түркі биі,
Таң қалдырып
қанекей би билеңдер, –
демекші, ендігі кезекте
6 сынып қыздары «Түрік биін », қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Әлемнің
жарығын,
Сыйладың сен
маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен
маған.
Тіршілікке
нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет,
ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас
оқушыларымыздың сұрақтарына жауап беріп көріңіздер.
Оқушылар
кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:
1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз
келеді?
3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы
сыйлығы есіңізде ме?
4.
Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?
5.
Өлең айтып бере аласыз ба?
6.
Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?
7.
Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?
9.
Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз
бе?
10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық
жасадыңыз?
1-жүргізуші: Өміріміздің
әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен
оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала
оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд
жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.
2 жүргізуші:
Обаятельные, привлекательные,
очаровательные, бесконечно нежные, с наступающим вас праздником! Пусть в этот
день весенними лучами Вам улыбнутся люди и цветы. И пусть всегда идут по жизни
с Вами Любовь, здоровье, счастье и мечты.
С
праздником нас милые дамы!!!
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең
жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да
аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол
дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге
келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан
тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін,
жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз
перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз,
кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан
салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы
өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада»
демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын
адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының
берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар
ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап,
құрметтейікші!
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8
наурыз құтты болсын!