Қамқоршылық кеңесі туралы
Қызыл суат ауылы № 39 негізгі мектебінде қамқоршылық кеңесінің
жиналысы болды. Жиналысқа қатысқандардың ішіннен 9 адам кеңес
мүшелігіне бекітілді. Кеңес төрағасы болып ата – аналар комитетінің
төрайымы Шулембекова Гулден Жумагалиевна қабылданды.
Хатшының аты-жөні: Ибраева Жулдыз- ата – аналар комитетінің мүшесі.
Кеңестің жұмысы барысында күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер
талқыланып, тиісті шараларды қолға алуға қаулы қабылданды. Күн
тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Сакенова А.К. сөз
алып, қамқоршылық кеңестің маңызды рөл атқаратынына тоқтала келе,
қамқоршылық кеңесін құрудың маңыздылығын атап көрсетті. Аталмыш
мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Суюндикова Ш.Е. отырғандарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017ж. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің
жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы № 355 бұйрығымен таныстырды.
Отырысқа қатысушылардың әр қайсысы өз тараптарынан пікір білдіре
отырып, кеңеске төрағалыққа ата – аналар комитетінің төрайымы
Шулембекова Гульден Жумагалиевна ұсынғысы келетіндеріниң хабарла-ды.
Мектеп директоры өз кезегінде кеңес мүшелерін биылғы жылы мектеп
үшін атқарылуы тиіс іс-шаралармен таныстырды. Жоғарыда айтылған
жағдайларды ескере отырып, кеңес мүшелері жаңа 2017-2018 оқу жылына
арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Кеңес мүшелері:
1. Мектеп директоры: Сакенова А.К..
2. Шулембекова Гульден Жумагалиевна- Кеңес төрайымы
3. Дюсентаев Ерлан - ИП "Ыстық нан".
4. Кенжегалиев Кенжал Кенжебекович - ИП "Декор"
5. Кабашева Айнур Нурлановна- ИП "Әділ"
6 Сексенбаева Мереке- ИП "Қызыл жар"
7. Рахимбекова Бахыт Кикеновна- гл.спец. Акимата Талапкерского с/о
8. Тәрбие ісінің орынбасары: Суюндикова Ш.Е.
9. Әлеуметтік педогог: Толегенова М.Б
10. Ибраева Жулдыз- ата-аналар комитетінің мүшесі
Мектеп директоры: Сакенова А.К.