5 қараша күні 11 сынып оқушыларымен мамандықты таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері туралы
айтылып,олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік тағы да берілді.балалардыңерекшелігін ескере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу көзделді. Қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу бағытында тәрбие сағат өтті. Сабақ барысында оқушыларға мамандықтар туралы бейне жазба көрсетіліп, шетелде оқу туралы ақпарат жіберілді. Биыл оқушылар 11 сыныпты аяқтап, жоғары оқу орнына түсетіндіктен олармен сауалнама жүргізілді. Сынып жетекші- Кыдыралина Н.Н.