Текст
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында «Қызылсуат ауылы орта мектебі» КММ-нің оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанаты болып өттi. Мектебіміздің директоры Жагабаев Н.К. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуржанова С.М. оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстады. Мектеп президенті Уалханова Шырын “Жас қырандарды” құттықтап, оқушының «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі болу үлкен абырой мен сенім екендігін атап өтті. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болуға тілектеспіз.