Мерейлі де мәртебелі мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан бұл мереке қасиетті де қастерлі. Осы мерекеге орай Қызылсуат ауылдық округінің әкімі Сәлменов Оразбай Кубашевич мектеп ұжымын құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Мектеп директоры Жағабаев Н.К. Целиноград ауданы игілігіне абыройлы еңбегі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс хатқа ие болды. Мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары Нұржанова С.М. және бастауыш сынып мұғалімі Нығметжанова Д.Т. Қызылсуат ауылы игілігіне белсенді және абыройлы еңбегі үшін әкім алғыс хаттарына ие болды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Уздембекова А.К. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» атынан құрмет грамотасына ие болды. Құттықтаймыз! Мерейлі мереке құтты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!