Текст
27.12.2021
24.12.2021 ж.Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 1 "А" сынып оқушыларының “ Рахмет саған, Әліппе!“ атты ертеңгілігі өтті. Оқушылар түгел белсенділікпен қатысып, мәнерлеп өлең оқып, "Әліппе" және "Рахмет саған, Әліппе!"атты әндерін де айтты, "Ана тілінің" сұрақтарына нақты жауап беріп, білімділіктерін көрсетті. Сонымен қатар, ата - аналарына да алғыстарын білдіріп, "Ерке қыз" биін де билеп берді. Ертеңгілік соңында Әліппе оқулығын толықтай оқып аяқтағаны үшін, арнайы "Куәлік" берілді. Ұйымдастырушы: Кумарбекова Марал Акимовна
20.12.2021
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Концертке құрметті қонақ ретінде ауыл әкімі Сальменов Оразбай Кубашевич, ардагер ұстаз Едіге Үндістанұлы, ата - аналар комитеті төрайымы Төлегенова М.С. жергілікті кәсіпкерлер Барманкулов Бақытжан және Кенжал Кенжебекұлы қатысты. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болсын!
13.12.2021
«Ақмола облысы білім басқармасының, Целиноград білім бөлім бойынша «Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру мақсатында «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында аудандық семинар – тренинг өтті. Тренингке Целиноград ауданының Қызылжар ЖОББМ, Тайтөбе ЖОББМ, Шұбар ЖОББМ, Қосшы №1, Қосшы №2, Қызылсуат ЖОББ мектебінің жас мамандары қатысты. Жоспар бойынша семинар - тренингті оқу ісінің орынбасары Тургумбаева Гульсум Райханкызы танысу жаттығумен бастап, топтық жұмыс жасалды. Топтық жұмысқа белсене қатысқан жас мамандар өз ойларын ортаға салды. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт –бағдар беру мақсатында , оқу ісінің орынбасары Сакенова Алия Какимтаевна «Дарынды оқушылар – дарынды ел» тақырыбында баяндама оқып, дарынды балаларды қалай анықтауға болатынын және олармен жасалатын жұмыс түрлері туралы айтып өтті. Қатысқан жас мамандар берілген әр түрлі тапсырмаларға белсене қатысып, дарынды оқушылармен жаңаша жұмыс түрлері бойынша ізденіс жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Семинар – тренингке аудандық білім бөлімінің әдіскері Алшынбаева Толқын Төленқызы қатысып, жас мамандарға өз тілегін айтып, сертифиткаттармен марапаттады.
06.12.2021
Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналған іс - шара жоспарына сәйкес, өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “ХХІ ғасыр көшбасшысы” тақырыбында интелектуалды сайыс өткізілді. Оған 8-10 сынып оқушылары қатысып, “Элита” тобы бірінші орынды иеленді.
06.12.2021
Біздің мектебімізде "Өлең, мен сені аялап өтем..." тақырыбында мектепішілік Фариза оқулары өтті. Оған 1—9 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, балаларды поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру болып табылады және де қатысқан оқушылар номинациялармен марапатталды.
01.12.2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5,6 сынып оқушылар арасында Республикалық олимпиада өтті. Мектебімізде аудандық кезеңге 5,6 сыныптар арасында 8 оқушы қатысты. Орыс тілі мен әдебиет пәнінен аудандық кезеңнен ең жоғалы балл жинаған 5 «А» сынып оқушысы Алпысбай Альмира облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі орыс тілі менн әдебиет пәні мұғалімі Тлеужанқызы Маржан.
01.12.2021
Қызылсуат ауылы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай 30 іс -шара аясында 29 - қараша күні «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанантты жиыны өтті.«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымының қатарына қабылданған оқушылар бұл ұйымның қатырына қабылдану үлкен жауапкершілік екендігін сезінеді. «Жас қыран» ұйымына 2-сыныптардан 20 оқушы, > ұйымына 13 оқушы қабылданды. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Ұйымға қабылданушыларға мектеп әкімшілігі, ұстаздар,үздік оқушылары көгілдір галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадады. Ұйымға қабылданушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ережелерін бұлжытпай орындауға ант беріп, ұйымның әнұранын шарқады. Жиын соңында Директор Жагабаев Нуртас Курмангалиевич және директордың тәрбие– ісі жөніндегі орынбасары Нуржанова Сауле Мамырбековна сөз алып, оқушыларды Ұланбасы, мектеп президенті Қамзе Ризат құттықтады.
01.12.2021
В нашей школе прошли классные часы, посвященные Дню Первого Президента.
01.12.2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсізідгіне 30 жыл толуына орай мектебімізіде жоспар бойынша ұлттық қолөнер көрмесі өткізілді. Көрмеге 1-4 сынып оқушыларының ұлттық нақышта бейнелейтін жұмыстары қойылды.
01.12.2021
Оқушыларды Отаның сүюге, қадірлеуге, патриоттық тәрбие беру мақсатында және Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында,жоспар бойынша Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Патриоттық әндер» байқауы өткізілді. ІІІ орын 2 "А" сынып оқушылары: Талғат Алишер және Ахан Дарын, ІІ орынды 6 "А" cынып оқушылары Джахидқызы Аделя, Серикова Айтолқын иеленді. Ал жеңімпаз болып 3 "Б" сынып оқушысы Тәжібай Бектөре аталды . Сонымен қатар, "Табиғи дауыс" - Қанапия Толғанай, "Үздік орындаушы" - Кеңес Мақсат болып танылды.