Қызыл суат ауылы
№39 негізгі мектеп
Дәстүрлі «Қамқорлық» акция негізінде жүргізілген «Аяулы алақан» жәрмеңкесінің есебі.
6 ақпан 2018 жылы мектебімізде жыл сайынғы қамқорлық акция негізі «Аяулы алақан» атты 5-9 сыныптар арасында жәрмеңке өткізілді. Акцияның басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады Жәрмеңке мақсаты оқушылар бойында қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін бойына дарыту. Көмек қажет ететін оқушыларға қол ұшын созу. Жәрмеңкеге ата-аналардың қолдауымен оқуға қажетті құралдар(дәптер, қалам, түрлі-түсті қарандаш, пластилин), киім-кишек(қысқы аяқ киім, шұлық, колготки, джинсы, іш киім, қолғаптар, спорт костюм, жиделер,лосины, трико, аяқ киім), тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар (сабын, шампунь, тіс пастасы, порошок, орамалдар, губкалар, қағаз сүлгі, дәретхана қағазы), азық-түлік (сұйық май, макарондар, жарма, күріш,қарақұмық, шай, картоп) қойылды. Үлгі болатындай ұстаздарымыз бұл акцияда белсенділік танытып, қатысты. Жалпы акция барысында 50мың көлеміңде 9 отбасыға көмек көрсетілді. Қамтылған 33 баланың жасы 0-18 дейін. Ата-аналар комитет мүшелері Шулембекова Г.Ж. және Ибраева Ж. белсенділік танытып, жанұяларға дайындаған заттарды таратты.
ТІО: Кыдыралина Н.Н.