Текст
11 қазан Халықаралық қыздар күніңе орай 4-13 қазан
аралығында Республикалық онкүндік өтуде. Бүгінгі күнде қоғамдағы қыз
балаларымыздың құқықтарын сақтауда, ересектер қатарынан зорлық-зомбылыққа
түспеу, оларды қорғауда насихаттық жұмыстар кең жүргізілуде. Мектепте қыз балалардың ерте жыныстық
қарым-қатынасқа түспеуді алдын алу мақсатында 8-9 сынып қыздарына «Қызға қырық үйден тыйым» атты әңгіме
өткізілді. Мектеп медбикесі Байзакова Ж.С. қазіргі кездегі ерте жыныстық
қатынастардың қыз бала өміріңе, оның болашақ репродуктивті денсаулығына зиянын,
ұлттық тәрбиеге қайшы екендігін айтты. Әңгіме барысында қыз балалардың жағдай
мен құқықтары туралы Қазақстандық және әлемдік статистикалық мәліметтер айтылды.